+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«ҚАЛЫҢ АДАЙ БЕРІШКЕ ТҰРМАЙСЫҢДАР...»


(шынайы ниетпен жазылған әңгімені тек жылы жымиып қана оқыңыздар!))))

Табылды аға табиғатында салтанатты, церемонияны жаны жек көреді. Маңғыстауға барғанда адайлар бард ақынды қаумалап әулие-әмбиелер мекеніне дұға еткізіп, Отпан тауға сүйрелеп шаршатады екен. Отпанның  басына Табыл - толағай тұрмақ,  жүрісі ширақ адамның да қары талып ентігіп шығады. Бірнеше рет барса да сол сценарий қайталанады. «Таке, тау басына шығалық»,-деп біреуі ұсыныс айтып жатса бұрқылдап ашуланып «Хая.....ды жейсіңдер, Отпан тау деп. Не бітірейін деп едіңдер онда? Келген сайын көтерілем. Шаршаттыңдар ғой. Қалың адай қаумалап Жайықтағы жалғыз берішіме тұрмайсыңдар»,-деп ренжіп көлеңке жерге жантая кетіпті дейді бір сапарында.Бәрі күліп, Такеңнің айтқанын орындағаннан басқа шарасы қалмаған. Аптап ыстықта Такеңнің аңсары сол таудың етегінде дәмхана болып, онда бір-екі бокал салқын сыра табылып, гитарамен әдемі әуенді қалықтатқанды қалайтын көрінеді. Бір үзік әңгіме Табылды ағаның досы,  ақын Сағынтай Бейсенғалиевтің айтуымен жазылды.

 

 

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ   

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

247

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз