+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«ЖҰПАРЫ СЕНЕН ЕСЕТІН, ЖАЙЫҚТА ЖАУҒАН ЖАҢБЫРДЫҢ....»


Ел ішінде жүріп Табылды  ән-күйлердің  шығу тарихына ерекше  ден қойды.Құм ішінде табылған  көне жәдігерді мұражайға жинады. Қарға бойлы Қазтуған, Шалкиіз, Доспанбет, Жиенбеттің шығармашылығын жіті зерттеді. Табылды тағдыры тауқыметке толы, ізінде сұраушысы жоқ ақын - жазушыларды 21 ғасырдан да іздеді. Марат Отаралиев, Меңдекеш Сатыбалдиев, Сағат Әбдіуғалиевтің шығармашылығына бойлады. Өлеңдерін жинақ етіп шығарды.Сағаттың «Тәтті мұң» өлеңіне ән жазды.

Жанымнан көрдім кеше түн,

Жанарың жәуміт, жан құрбым.

Жұпары сенен есетін,

Жайықта жауған жаңбырдың.

Ақындық дарында өзіндік арын бар Сағаттың тағдырында шырынынан гөрі соры қалың болды. Табылды сол үшінде ақын аруағының алдында парыздар екенін сезіп, «Тәтті мұң» өлеңіне тіл бітірді.

 

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

100

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз