+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«БЕЛІҢДЕ СЕНІҢ КЕЛГЕН БАЯҒЫ, ҰРПАҒЫҢ ҚАЗІР ГҮЛДЕНДІ....»


Индерде қарттық қажытқан  Аяш ақсақал мен Нағима әжей Алматыда оқыған жалғыз ұлдың жолын тосты. Әрине оқу орынын бітіргенен кейін Табылдының туған өлкеге оралуына желтоқсан оқиғасы да себеп болды. Деседе, жүректе бұлқынған ұлттық рух ән болып көкейге, одан көмейге төгіліп,ел ішіне әуелеп тарап жатты . «Мен қазақпын», «Гурий Назарьевке рухына арналған ашық хат» әні соның айғағы. Атам заманда сүйегі қурап кеткен Гурий шырақтың рухына арналған әнінде өткенге де, осы күнге де  айтылған базына жатыр.

Пенделер қашан өлгенді аяды,

Ұмытқан бұл күн мүрдеңді.

Беліңде сенің келген баяғы,

Ұрпағың қазір гүлденді.

Сөйтіп Табылды Атырау деген атаудың осы атырапқа берілуіне қомақты үлесін қосты. 1990 жылы «Тамашадан» Табылды жарқ етті.

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

149

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз