+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ЖАРҚ ЕТКЕН ЖАСЫН ҒҰМЫР....!


Бабалар рухын сезінген, оны әнге салып әлдилеген, жастарды шынайы махаббатқа жетелеген Табылды аға 2010 жылдың 19 қазанында ұйқысынан оянбай қалды. Парасат пен парықсыздық, адал мен арам, талант пен дарынсыз қатар жүріп жатқан мына «атау кере» өмірде адамның Құлагерін сүріндірген атқамінер елден да табылды. Пендешілік пасықтық, нан талас қу тірліктегі іштарлық аутаң-аутаң етіп жүретін Табылды ағаның нәзік тінін қиып жіберді. Туған жер шығармашылық адамына тар қапас, тозаққа айналды. Өресі жоғары өнер иелерінің ортасын іздеп ауыл сыртындағы төбеге шығып Алматыны аңсайтын.  Сол ауыртпалықты Толағайдың  алып  жүрегі  көтермеді.  Әрине сазгерге азаматтық қамқорлық жасаған сол кездегі Атырау облысының әкімі  Иманғали Тасмағанбетовтің бардтың тұрмысының түзелуіне қолғабыс жасап, «Сүлік қара» гитараны сыйға тартты.  Батыс Қазақстан облысының  әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов те Табылды өнеріне шынайы қамқоршы бола білді. Табылдыны Оралға қызметке шақырды. Алайда, жайлы үй, жағдайлы жұмыс үшін Индерден  көшіп «өнерін пұлдап» қамқорлық жасаған адамдардың қанатының астынан сая табу ар санады. Парасатты болмаса Табылды  солай пайымдамас еді.  Ал ел ішінде азар берген атқамінер туралы бір ауыз базына  екі азаматқа айтуды да басына лайықсыз іс көрді. Жасын ғұмыр жарқ етті де көзден ғайып болды.

 

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

136

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз