+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ТОЛАҒАЙ ТАБЫЛДЫНЫҢ ТАҒЫ БІР ҚЫРЫ....


Бала Табылдының  білек сыбанып, бел шешіп күресуге бала күнінен ебі болған. Кейін мектепте оқып жүргенде еркін күрес секциясына қатысып  аудандық, облыстық жарыстарда топ жарып күреске құштарлығы оянған. Ауданға алғаш күрес арқылы танылған. Германияда әскери борышын өтеп жүрген кезде Табылды сарбаздармен бірге астық сақтау қоймасында жүк тасыған. Еріккен солдаттар арасында белдесіп те алатын көрінеді. Бірде әдепкіде алыса кеткен екі сарбазды көзі шалған неміс сержанты келіп «Сен бала, Қазақстанның  жігіті емессің бе?! Мына қапшықтарды неге басасың, сенің отаныңнан келіп жатқан астық қой»,-деп ұялтқанда Табылды айтарға сөз таба алмай, үнсіз бос қапшықтарды  бұрышқа жинап қойған екен дейді. Өкінішке орай, КазГу-де күрес секциясы болмай онда, жас палуан шеберлігін шыңдай алмай қалды. Ең соңғы рет 1999 жылы 34 жасында Индерде өткен жарыста ауыр салмақта белдесіп көрген.

     

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

96

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз