+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



"ОН СЕГІЗ НЕТКЕН ҰЯҢ ЖАС ЕДІ, СЫРҒАҚТАЙ БЕРЕМ СЫРҒАҚТАЙ..."


Үйіме қайтам, өкініп, тынып,

Сүйемін деуге бата алмай.

Төлеген болып, бекініп тұрып,

Жайықты кешіп, өте алмай,- деп Табылдының әуезді әні талай студенттің жастық шағын сағым-уақыт көзден бұлбұлдай ұшырды. Осы әннің сөзін жазған Қызылордалық ақын Шәкизада Әбдікәрімов. -1974 жылы 18 жасымда Алматыда студент болып елпініп жүрген кезім Майра Рахымғалиева деген қызға ғашық болдым. Майра Гурьев  облысы, Индер ауданы, Индербор поселкесі, Геофизиктер көшесі 18 үйде тұрады екен. Отбасылық жағдайыма байланысты оқуды қойып, елге тарттым. Майрадан мүлде қол үзіп кеттім. Сөйтіп арада 34 жыл өткенде  2007 жылы танымал бір мұнайшының мерейтойына Атырауға жолым түсті. Той үстінде бір жігіт «Күнекей қызды» шырқап бермесі бар ма?! Той иесі осы әннің авторы ретінде мені сол жерде үйлестіріп, көпшілікке таныстырып жіберді. Сөйтіп, қызды-қыздымен табан астында Табылдымен телефонмен сөйлестім. Ол менің келгенімді естіп бәйек болып қалды. «Табыл, ана «Күнекей қыз» осы Индердің қызы білесің бе?»,-дегенімде таң қалды. Майраны да тани қойды. Құдандалығы бар екен. Майраның да телефонын берді.Сол жерде қызық болғанда Майрамен сөйлестім».

PS Айтпақшы Табылды аға шығармашылығы туралы фильм түсіруге Индерборда да болдым. Ән кейіпкері Майра Рахымғалиевадан сұхбат алу да ойымда болды. Алайда, белгілі бір себептермен Майра апайдың мазасын алмаған да жөн шығар деп өз-өзімді шектеп тұрып қалдым.

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

179

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз