+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



"ҰЙЫҚТАП КЕТСЕМ БІР КҮНІ, ОЯНБАЙ ҚАЛАМ"


«Әдетте,тіршілікте өзіміз отағасы болғасын, балалармыздың  не киім сатып алып, не киіп жүргенде шаруамыз болмайды ғой. Аналарынан сұрайды, сонымен ақылдасып жатады. Ал Табылды Алматыға келген сайын төрт балапаныма киім алуым керек. Сәке, жүр базарға деп өзі бастап алып барады »,-деп бастады Табылдының қатар оқыған досы Серік Жанболат.- Базарға барғасын киім-кешек қатарын  ұзақ аралайды, сапалысын таңдап, алып жатқан киімі шақ келе ме соны мұқият қарайды. Балажандығына қайран қалатынмын. Әшейінде майда-шүйдеде шаруасы жоқ, пенделік пыш-пыш әңгімені елемейтін Табылдыны базарда, сауда орталықтарында жүргенде мүлде танымай қаласыз.Сатушылардың бәрімен майдалап сөйлесіп, майдасын да шүйдесін де төңкеріп қарап шығады».

Бард әнші Табылды Досымовтың артында  қалған үш қызы, алтын асықтай ұлы Абыл бар. – Тұңғыш қызының есімін сазгер ел зердесіне ерекше тоқылған әнімен сабақтады.

Атыңды сенің айтамын ән қылып неге,

"Қозым-ау" деші күлімдеп Баяндай маған

-деп айтылатын әніндегі Баянның алдына ақ түс ілініп, Ақбаян есімі қойылған еді. Әнші Мұхит Айнамкөздей аруға ғашық болып «Айнамкөз» әнін әуелетті. Сол әдемі есім Табылды ағаның екінші қызына енделді. Ал кіндіктен жалғыз  ер баласына қойылған есім  Абыл жыраудың, Абыл әншінің құрметіне қойылды. Кенже қызы Әйгерімнің есімін қою зайыбы Қарлығаштың мәртебесіне берілген еді.

 

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

239

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз