+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ҚҰМҒА КӨМІЛГЕН ҚҰНДЫЛЫҚ.....


Индер аудандық мәдениет бөлімін басқарып жүргенде Табылды аға ел ішінде жүріп  ән-күйлердің  шығу тарихына ерекше  ден қойды.Құм ішінде табылған  көне жәдігерді мұражайға жинады.Қарға бойлы Қазтуған, Шалкиіз, Доспанбет, Жиенбеттің шығармашылығын жіті зерттеді.Махамбет пен Малайсары батыр кесенесінің салынуына бастан-аяқ атсалысты.1930 жылдары Атырау деген атырапқа аты батырлығымен де, ноқтаға басы сыймайтын асаулағымен де ақындығымен да есімі аңызға айналған Аманғали Кенжеғалиевтің рухын асқақтатып, ел Табыл арқылы батырын қайта таныды. «Негізі Табыл ғасырлардан жалғасып келген жыраулардың соңғы сарқыты, жалғасы еді,- дейді қатар оқыған досы Серік Жанболат. – Бала күнінен Атырау өңірінің аңызы мен ақиқатына, батырлары мен шешендерінің сөзіне құлақ түріп өскен Табылды оны тек ақпарат қабылаушы ғана емес, оны өңдеп, олардың болмысына жан, тіл бітіре алатын ақын, жырау екенінде өзін көрсете білді. Құр бард ақын, сазгер деп бағалайтын болсақ онда Табылдының болмысын тар ауқымға тықпалаған өзіміз болып, обалына қаламыз».

 

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

94

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз