+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«БІР МҰҢ ЖАТТЫ КӨЗІҢНІҢ ШАРАСЫНДА.....»


СазгерТабылды ақын Светқали Нұржановтың сөзіне жазылған «Арал қызы»әнін бір көңіл-күйі шалқып, қасына жақын достары жиналған кезде шабыт келгенде жиі орындайды екен. Сағыныш жатыр сағымға оралған Каспий мен Аралдың арасында.

Қасиетті Каспийдің ұлы едім мен,

Атырау ем, Жайық ем жүрегіммен.

Аралдық қыз бір күні арал болып,

Қол бұлғадың дария білігіңмен.

Сөз жоқ, әдемі, ерекше суреттеу бар. Географиялық картаға жан бітірген әдемі әннің авторы да осал ақын емес.

-Светқали жезде, Табылдының ұнатып орындайтын сөзін өзіңіз жазған «Арал қызы» туралы мәлімет берсеңіз?- Ән кімге арналған дегендей?

 -Өлеңнің тақырыбы айтып тұр ғой. «Арал қызы» 1982 жылы 13 қаңтарда жазылды.

 -Жезде менікі, қос адайдың жігіті үзігіп, үзіліп бірі ән, бірі өлең жазып жүрген «Арал қызы» арқылы Аралдың аруларын жарнамалап қалу ғой өз дәрежесінде. - О, ақұдай, бәсе «Арал қызын» неменеге сұрағыштап кетті десем, сол екен ғой.))))   

 

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

155

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз