+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«ЖАЙЫҚТА ҚАЛҒАН ЖАЛҚЫ ҚАЗ...»


Табылды туралы фильм түсірерде Атырау деген атыраптың ақын қызы Әлия Дәулетбаевамен алғаш телефонмен тілдестім. Табылдының аруағына арнап жазған өлеңінің бар-жоғын білгім келді. «Табылды туралы ел білгенін айтады, мен сезгенімді айтамын»,-деп әп дегеннен әңгіменің төркін-төрін әріге салды.- Егер жолдарыңыз түсіп жатса сұхбаттасуға дайынмын»,- дегесін «қыз дайынға біз дайын»,- деп Атырауда кездестік. Қара сөздің қадірін білетін ақын бір көргенде ұяң тартып, «тақпағымды» толық жаттаған жоқ едім»,- деп Бижан Қалмағанбетов ағамыз екеумізді ду күлдірді.    

Жайықтан ұшқан жалқы саз,

Пайымдар едім парқым аз.

Парқымды ұғар халқым аз,

Жайымды енді сен тыңда,

Жетімде қалған жеті ішек,

Төлеген-ғұмыр, Табыл-жыр

Әуелеп ұшқан алты қаз.

Жайықта қалған жалқы қаз!

Мектеп оқып жүрген кезінде Фариза Оңғарсынова апайы Әлияжанның қарылғаш жырларын алғаш тыңдап болғанда шаттанып кетіп «мына қызды Астанада ма, Алматы да ма өзім оқытамын»,-деп батасын берген. Ол 1999 жыл болатын.  

 

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

184

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз