+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«ТАБЫЛДЫ-ТАНЫМ...»

  • 13.07.2016

Бард ақын Табылды Досымов туралы деректі фильмде балалығынан бастап, ақындығын, әншілігін, сазгерлігін, жыраулығын 30 минутқа сығымдап әкеліп сыйғызу маған да оңай болмады. Рухани және азаматтық жауапкершілік мойныма ілінген қыл бұраудай көрінді. Үш ай іштей булықтым, ширықтым. Ел бетіне журналист ретінде тік қарау жауапкершілігі артыңды құз, алдыңды Табылды ағаның шығармашылығындағы шарықтау шегіне ілесіп, «жарықтың жылдамдығымен жарысуға» жетеледі. Әрине, қазақты әнмен әлдилеген Табылды ағаның айтылмаған сыры, жазылмаған жыры әлі де ұшан-теңіз. Табылдының танылмаған қырын ашатын қаншама сұхбат беруші адам фильм уақыты шектеулі болғандықтан кадрден тыс қалды. Оған енді өрем жеткенімен, сиқырым жетпеді. Көрсетілуі тиіс әлі қанша видео бар. Құдай енді сәтін салса, бард туралы 3-4 серия фильм түсірудің де мүмкіндігін қарастыратын кез келер. Көрермен болып көз суаруға, жаныңызға шуақ сыйлауға осы телетуынды кәдеңізге жараса, онда жеген нанымыздың адал, қызметіміздің таза болғаны деп бағалаймыз. Режиссер Бақыт Найзабеков, телеоператор Айдар Нұрғожин, монтаж инженері Ерланның апталап майдан қыл суырғандай еңбегі бұл.   

     

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Өмір жолы»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз