+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ТАБОР УХОДИТ В НЕБО


 Табылдыға қамқорлық жасап, ән жинақтарын диск етіп шығаруға демеушілік жасаған Құлсарыда Ибрагим деген мұнайшы жігіт бар. Сол Ибекең 2008 жылы 45 жас мерейтойын  Теңіз поселкесінде  өткізетін болып Табылдыны қонаққа шақырған. Түнгі клубта мерекелік шара басталып кеткенде аяқ астынан цыгандар сау етіп кіріп келіп, ерлері гитара тартып, қыздары қара көйлектерін әрі-бірі желпінтіп ортада айнала билегенде Табылды таң қалды дейді. Бажырая қараған күйі әрі таңырқаумен әрі риза болумен қол шапалақтап ұзақ тұрыпты. Жұрт Табылдыға бір қарап, цыгандарға бір қарап армансыз күлген. Ән арасында Табылды «менің гитарам қайда, гитарам»,-деп сол жердегі біреуді жұмсап, гитарасын алдырған. Гитара қолына тие сала Табылды аға құйқылжыта «Биіктікті» шырқай жөнеліпті. Ана цыгандар Толағай-алыпқа жалт бұрылып, әннің басын ұйып тыңдап, екінші шумақ басталғанда ырғала билеп, Теңіз поселкесі бір сәт әнмен тербеліп кеткен. «Мен Табылдыны таң қалдырамын ба деп жүрсем, мына цыгандар Табылға таң қалып қызық болған»,- дейді әдемі естелікті есіне алған Ибрагим. Теңіз поселкесіне Ибрагимнің шақыртумен Астанадан келген цыгандардың бірі «Табор уходит в небо» көркем фильмде басты рөлдердің біріне түскен Александр екен. Мерейтойдың видеомұрағаты жуырда қолыма түседі.!))))    

 

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

167

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз