+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



"МӘЗ БОЛСЫН "ІШКІШ" ДЕП ҚАСТАРЫМ..."


Табылды Досымовтың шығармашылығын байыппен бағамдар болсақ, оның кейбір әндері Владимир Высоцкийдің мақамына, стиліне ұқсап кетеді.Дарын иелерінде ортақ осындай тіннің болуы заңдылық.Әрине, шығармашылық әлеміндегі шайырлардың шарапқа, араққа шырмалмағаны некен-саяқ. Шабытты шақыратын да, шаңырағын шайқалтатын да сол шөлмек.Әзәзіл су іште шиырлап жатқан шындықты шығарады.Табылдының ақын Марат Отаралиев пен Сағат Әбдуғалиевтің рухына арналған «Қоскүрең» өлеңінен үзінді:

Бойдағы ғажап намыспен,

Жырлары кабакта піскен.

Қоғамға «қолын шығарып»,

Арақты ары ақтара ішкен.

Болған ғой сондай адамдар.

Ақындар жұмақты аңсамақ,

Шатасып қараптан-қарап.

Шырмалып Марат пен Сағат,

Ішкен ғой.., басқа не амал бар?...

Қанша жерден, «тағдыр жазуы солай болды» деп адамзат өз-өзін жұбатқанымен, шын таланттардың көбі осы арақ-шараптан шырпыдай жанып кетті. Дарындардың бәлкім дүлей күшін дүр сілкіндіруге ол әзәзілдің көмегі де болған  шығар, алайда зияны да оларды «оң жамбасқа» алып түсті.

 

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

149

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз