+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



"ЛӘЙЛІДЕН АЙРЫЛҒАН МӘЖНҮНДЕЙ, ДӘЛ ҚАЗІР МЕНДЕ ЖОҚ АҚЫЛ-ЕС!..."


«50 жыл өнерсүйер қауым, жастар жанына серік еткен «Жас қалам» әнімнің 1966 жылы  бағы ашылып, жарқырап шықты.»,-деп бастады әңгімесін атақты әнші Қорабай Есенов -Әнге бейімделіп, өлеңнің ешбір тармағы буыны өзгертілген жоқ. Ән сөзі сол кезде Қытайдан көшіп келген қандастарымыздың бірінің дәптерінен алынды. Нақты авторын білмедім. Жастардың арасында ән жазылған қалың дәптер қолдан қолға көшіп жүре беретін. Негізі гитара тартуды екі күнде үйреніп алдым. 1 курста жүргенде гитара үйреткен хохол Николай Литвеченко өзі таң қалып қызық болған.7 ішекті гитараның ерекшелігі кез-келген әнге  икемдеуге әдемі келеді. «Жас қалам» әнінің танылуына да сол жағдай себеп болды.  

 Есімде алғашқы сауық кеш,

Ләззаттың тағдырын өзің шеш.

Ләйліден айрылған Мәжнүндей,

Дәл қазір менде жоқ ақыл-ес.

Сол тұста «Қоштасу» әнім мен Нұрғиса Тілендиевтің сөзіне жазылған «Әке жыры» әнінің де тыңдарманы күрт артты.Осы  үш ән алғаш республикалық радиодан шырқалғанда, шалғайдағы ауыл тербелгендей күй кешіп, ауылда тұратын мен де бір күнде атақты болдым».

 

 P.S Әр нәрсенің сауабы мен обалы бар. Бұл әннің сөзі ұзақ жылдар Қорекеңе телініп келгенімен, авторы Төлеубек Жақыпбайұлы екені бертін келе анықталды. Төлеубек те бұл өлеңді студент кезінде жазған. «Бұл әндi өзiмнiң және сендердiң алғашқы махаббаттарыңа арнаймын!», — деп Төлеубек жастардың арасында оқып берген.

Оны зор, менi қор санасаң,

Мейрiмсiз соққаны жүректiң, — деген жолдар кездеспейтiн бе едi, әлгi өлеңде. Бұл — Төлеубектiң бiр қызға ғашық болып, оның бетiн берi қарата алмай жүргенде жазғаны.  Өнер үшін әнге де сөзге де ешкімнің де таласпайтыны анық. Бәстестіру менің де әдебінен тыс әрекет. Алайда, «білгенге - маржан».

 

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

182

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз