+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«ҚАЛАДЫ-АУ ҚАНДАЙ ЖІГІТ ҒАШЫҚ БОЛМАЙ, ҒАШЫҚ БОЛМАЙ....»


«Ол кезде «МУЗАРТ» тобында әнші болып жүрдім де топтан өзге жеке орындауға Мейрамбек, Сәкен және мен ән іздеп кеттік. Өз ыңғайыма келетін ән таба алмай біршама жүріп қалдым»,-деп бастады әңгімесін әнші Мақсат Базарбаев. -Бір күні әнші әріптесім Сандуғаш Стамғазиева «осы ән қалай?» деп гастролде жүргенде ме, консерваторияда ма есімде жоқ «Қыздар-айды» ыңылдап тұрып айтып берді. Әннің сазгері Гүлнәр Шамшиева. Сөзі нәзік, назға толы қыз болмысын толық сипаттайтындай керемет өлеңнің авторы Фариза Оңғарсынова апам екен.Ұнады.  

Ей, қыздар-ай, гүлдейсіңдер жүрмейсіндер ғашық етпей

Сендерсіз өмір бізге ұқсайтын қоңыр күзге қасіреттей

Жалғанда қыз жүрмесе сылаң қағып

Өмірің өтер еді тұманданып

Жігітке ғашық болмай жүру күнә

Қу қыздар асқақтайды мұны аңғарып, мұны аңғарып.

Алдында көпшілік домбырамен айтылып қалып жүргенін құлағым шалып қалатын.Содан музыкасын талантты аранжировшик Әсет Нәсібаевқа бердік. Өңі өзгеріп, нәзік тінді шертетін әдемі ән ансамбльге икемделгенде құлпырып шыға келді. Содан сахнаға алып шықтық.Арада біршама уақыт өтті. Астанада Фариза апайдың шығармашылық кеші өтетін болған кезде «Қыздар-айды» орындалатын әндер тізіміне апайдың өзі тіркетіпті. Кештен кейінгі дастархан басындағы отырыста апай: «Мақсатжан, «Қыздар-айдың» бағын аштың.Әдемі әнге айналыпты өлеңім»,-деп бұл өлеңнің қашан жазылғанын, қандай жағдайда жазылғанына тоқталып, әдемі әңгіме шерткен»

 

  

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

174

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз