+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Сұлтанғазин соқпағы!

  • 27.07.2016

Өмірзақ Махмұтұлы Сұлтанғазин - әлемдік математика ғылымында өзіндік орны, сара жолы қалған ғалым.Тәуелсіз Қазақстанның көз қысты, бармақ бастылыққа салған ғылымы емес, заманында ғылымның мәртебесі дүрілідеген Кеңістік дәуірдің білімдары еді. Өмірзақ аға ғарышқа көтерілген Тоқтар мен Талғаттың ғылыми бағдарламасын өзі қолма-қол дайындап әлемдік космонавтика саласының дамуына өзіндік үлесін қосты. ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті де, Ғарыштық зерттеулер институтының директоры да болды. Шетелде ұзақ жылдар математика пәнінен ағылшын тілінде дәріс те берді. Тоқтар аға Өмекең туралы естелік айтқан кезде ерекше толқып кетеді.Әкесін еске алғандай әсерленіп айтады. Себебі, ауылдан өсіп атақты ғалым болған Сұлтанғазин шын ғалым болды, білімі шыңырау-шүнет адам санасы игеріп үлгермейтіндей түпсіз тұңғиық еді. Мінезі ашық, биязы, мәдениетті болды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Өмір жолы»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз