+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«МАЛДЫ ҚАРҒЫС АТСЫН...!»


Жазушы Рахымжан Отарбаев ағамызбен алғаш телефонмен сөйлескенде  бірден жылы сөзімен баурай кетті. Оның реті де бар енді. Алаш ардақтыларының санатында аты аталса да қайраткерлік болмысы, Алашқа, қазаққа жасаған еңбегі толық зерделеніп, зерттелмей келе жатқан Бақтыгерей Құлмановтың болмысы туралы фильм түсірсем деген, соған орай сұхбат жазсам деген ойымды айттым. «Атырау деген атырапта құмға көміліп жатқан жалғыз  Құлманов емес айналайын, елінің панасы да данасы да болған Мақаш сұлтан, Мұхамед-Салық  Бабажанов, Ғұмар Қараштың телевизиялық тұрғыда болмыстарын тірілтетін уақыт әлдеқашан жетті.  Бақтыгерейдің «Салық өлді дегенше, халық өлді десейші»-деп боздап жоқтауының артында қандай өксік жатыр, сағыныш жатыр?!».  Иманғали Тасмағанбетов Атырауда  облыс әкімі болып тұрған тұста Мақашқа ескерткіш, Құлмановқа қаланың қақ ортасынан көше бергенде көпшілік тұрмақ, қариялардың өзі «Құлманов деген кім еді»?» деп күмән аралас сауалын қойып,бір-біріне көзін төңкере қарасты дейді. Тарихтан қалай тамыр үзіп қалғанбыз?  Сол Бақтыгерейді  Әлихан Бөкейханов «Құлманов келмей сьезді бастамаймыз»,-деп Орынборда күллі қазақты екі күн күттірген екен. Демек, Әлихан сыйлаған қазақты Сіздің танымауға не моралдік құқыңыз бар,айтыңызшы?!  Сол Бақтыгерей 1890-нан 1902 жылға дейінгі аралығында Қамыс-Самар қисымында әкім болып тұрған кезде елдің төрт  түлігін( түйе 22 мың, жылқы 30 мың, ірі қара 65 мың басқа) көбейтіп, Атырау атырабына мал сыймай қалған. Неге?  Сөйтсе Бақтыгерей бұрын соңды кәсіби тұрғыда қолға алынбаған балық шаруашылығын көтеріп, тұз өндіруге мыңдаған қазақ жастарын тартып, кірме тасуға яки кәсіпкер болуға мыңдаған адамды үйретіп, малға деген мұқтаждықты тыйып, тұрақты жалақымен отбасын асырауға болатынына көз жеткізіп берген тұлға. Қазақтан алғаш ғылым кандидаты болған адам.  «Қазірде экономиканы әртараптандыру  керек» деп көкшолағын қамшылап жүрген шенеуніктердің арманын Құлманов 20 ғасырдың басында ақ жүзеге асырған.

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

151

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз