+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ҚАСҚАЙҒАН ҚАЗАҚ ТІЛІ....!!!


Композитор Е.Брусиловский: "Темірбек Жүргенов өз кабинетінде мәжіліс өткізбек болды. Шамамен алғанда отыз шақты кісі жиналды, ішінде тек екі адам -қарағандылық Б.Н Орлов және мен орыс жұртынан едік. Наркомның өзі де басқа сөйлеушілер де тек қазақ тілінде сөйлеп отыр. Бір кезде Борис Николаевич орнынан тұрды да Жүргеновтен қазақша сөйлемеуін өтінді, мұнда не жайында әңгіме болып жатқанын өзі ұқпай отырғанын, сөйлеушілерді ол түсінетіндей болу үшін орысша сөйлеу жөн екенін айтты. Бір кезде Жүргеновтің қара көздері ұшқындап кетті. Жұрттың бәрі бүкшие түсіп, тым-тырыс бола қалды. "Сіз қайда отырсыз Орлов жолдас! Сіз қайда жүрсіз, өзіңіз!"деп Жүргенов дауысын бұрынғыдан да бетер қатайта сөйледі: "Сіз Қазақстанға келдіңіз екен, егер де мында жұмыс істегіңіз келсе, сіз республиканың мемлекеттік тілін білуге міндеттісіз! Сіз қазақ әндерін де орыс тілінде зерттемекшісіз бе?- деп өзге ұлттан қазақ тілін тілін құрметтеуді талап етті."

Жарықтық, Жүргенов бір ғасыр бұрын бекер ерте туған екен. Қазіргі заманда өзге ұлтты сүзгілей қоймас, алайда қасқайған қазақ тілін аяқ асты еткізбесі анық еді. Бәлкім,бір жағынан ертерек кетіп қалғаны да дұрыс болған шығар."Тәуелсіз елдің" өзі өзекке тепкен мемлекеттік тілінің аянышты күйін көрмей көрде жатқаны. Тіл деп шырылдаған Шахановты "жындыға" теңеген қоғамдық сананың өзінде "психикалық тұрғыда ауытқушылық" бар. Келісесіз бе?

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

180

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз