+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



КӨРГЕНІ БАР КӨШ БАСТАСА.......


Қазіргі қоғамда кейбіреулер  үшін өзін жасанды ұстау имиджге айналған ба жоқ әлде мен заманымнан қалып қойғанмын ба сондай келеңсіздік көрсем тез жалт бұрыламын. Жаным қаламайды. Фальш деген дүние бетіне қалқып шығып тұрады ғой. Әсіресе телеарнада жасанды кірпігін қағып-қағып жіберіп, шашын артына лақтыра қайырып, маникюрден өткен салалы саусақтарымен қолын жайып, біреулермен біреулер бағдарлама жасап жатады. Оған әсіресе әртістер, әншілер болмаса сол әншілерден типо журналистке айналған жүргізушілердің жаны құмар. Тән сұлулығының  арғы жағындағы жан сұлулығы ше?  Сөзі мен өресі ішкі интеллектуалдық  деңгейін әп дегеннен шамасын айшықтайды. «Мен айтып салдым, әділін айттым, ақиқаты осы»,-деп белсенді болып, орып сөйлеп тұрғанымен  телеарнаға тән жалпыға ортақ арзан сөз, жасанды сыпайлылық сорпа бетіне шыққан берекесіз май секілді ішпей жатып жүрегіңді кілкітіп көтеріп жібереді. Сондықтан өз басым көбісіне қарапайымдығы, шынайлылығы, білімі мен білігі  басым  осыдан 20-30 жыл бұрынғы  бағдарламаларға бас сұққанды жаным қалайды. Ол кезде әкім де қарапайым, әнші де қарапайым, әдебі мен сыпайылығын жоғалтпаған секілді болып тұрады. Қазіргілер ел жыға танып  үлгермесе де  жұлқына жүргенді, телеарнаға ернеуі тигеннен  танауын таңқитатындарға таңмын. Так дешево, так тошно!

Ырзық-нанымды журналистикадан жеп жүргесін талай талантты ақынмен де, сазгермен де, заңғар жазушымен де кездесіп сұхбаттасаң. Оған керек абырой өзіңе де керек, сондықтан логикаң мен  деңгейіңді болмашыдан түсіріп алмауға тырысып, әр сөзіңді есептеп айтасың, тіліңді бағасың. Сөйте тұра талантты адамдар барынша қарапайым болып келеді. Қалбалақтап балаша кейде алдыңа түседі. Жан сарайына еніп кетсең  жасыңның кішілігіне қарамай тең санап, кей-кейде пікіріңді біліп отырады. Жарасымдылық демек жасандылықта емес қарапайымдықта!

 

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

131

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз