+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«ӨТІРІК АЙТУДАН ЖАЛЫҚПАЙМЫЗ...!»


Кеңес  заманнан келе жатқан санаулы «оригинал» ғалымдардың бірі - Мұрат Жұрынов. Пайым-байламы, ұстанған азаматтық позициясы нық, орынды ғана сын айтып, тоқпақтап қойып отыра беретін  парасат иесі. Білім саласының сырт көз ретінде емес, іштегі жағдайын жетік білетін экс-білім министрі. «Ұлттық біріңғай тесттің пайдасынан гөрі зияндығы басым болып кетті» дейді. Біріңғай ұлттық тестті қолданудан бас тартқан мемлекеттер бұл тәсілді  баланың шынайы білімін нақтылай алмайтын жүйе деп біледі. Халықаралық білім олимпиадаларынан орын алып келіп жатқан бірен-саран оқушының  қабілеті неге білім министріне болмаса облыстық білім басқармаларының басшыларына саяси, қызметтік ұпай жинап береді?Олардың білімі тұттастай ұлт білімінің айшығы бола ала ма? Білім және ғылым министрлігіндегі шенеуніктер неге  жалпақшешей жауапқа дайын тұрады? Осы сауалдарға жауапқа құлақ түргіңіз келсе, бейнеүзікке құлақ түріңіз.

 

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

167

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз