+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ҮЛКЕН КИНОСТУДИЯНЫҢ КІШКЕНТАЙ ҚУЛЫҒЫ


Көркем фильм түсірген кезде әрбір сыбдыр мен қимыл-қозғалыстың дыбысын жазу кино студия үшін ерекше маңызды. Көрерменін шым-шытырық оқиғаның арасына алып барып басын шырағалаңға байлап қоюдың түрлі тәсілі бар. Бірінші кезекте көрермен психологиясына ықпал ету үшін дыбыспен оны жан-жағынан құрсауға алады.Мәселен, қараңғы түнде дезілде басылған аяқ киім дыбысы, жайсыз уақытта «жылауық» есіктің сықырлай ашылған дыбысы, қыс ортасында адамның қарға басқан аяғының дыбысы секілді дыбыстық эффектілерге «жан бітеді». Кино желісі қызықты, әрі тартысты болса көрермен сол арбаудың соңына ілесіп, кино кейіпкерлерімен қосылып үрейді де қуанышты да басынан бірге өткереді.Үлкен киностудияның кәсіби қулықтарына тәнті болып, дыбыс режиссерлерімен бірлесе түртінектеп жүріп, қоймадағы бар құпияны ашқан әріптесім Лязиза Керімқұлдың  сұхбатына құлақ түріңіз.

     

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

123

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз