+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



БАҒЗЫДАН ҚАЛҒАН БІР БАЙЛАМ


Ықылым заманда бабаларымыз о дүниеде де тіршілік жалғасады деп түйген. Сол  наным-сеніммен о дүниеге жөнелтіп жатқан адамның бес қаруын жанына, ұзатылғандай етіп ыдыс-аяғын, тіпті о дүниеге барғанда жаяу қалмасын деп марқұмның өзі мінген жылқысын да бауыздап көрге жөнелткен. Енді бұл дәстүрдің қай ғасырға дейін жалғасып келгенінен хабарым жоқ, анығы жылқыны шетінен қабірге қатар көму тоқтатылған. Экономикалық тұрғыдан тиімсіз бола бастағаны да сезілсе керек. Содан кейін барып тұлпардың жалын күзеп, құйрығын кесіп иесіз қалған пырақты анадайдан танитындай осындай белгілермен айшықтаған. Басқа басқа жылқыға қырғидай тиетін барымташыларың өзі қолды етіп айдап апара жатқан үйірінен «иесіз» қалған жылқыларды шығарып тастайды екен.  

         

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

130

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз