+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ӘЖЕ БАЛАСЫ...


Мен ғой....әже баласы! Атам ертеректе 1977 жылы дүние салды. Балалары шеттей студент Алматы, Қызылордада оқығасын әжем ауылда қалқиып жалғыз қалды.  Әкем сол үшін де анасының көңілін қимай ауылға оралып, 4-5 жыл ауылда мектепте мұғалім болып істеді. Алайда, шығармашылық адамын құм қойнында тұншыққан ауыл өкпесін қысты, тынысын тарылтты.

Тылсым тыныштық!

Селт еткен бұта көрмейсің.

40 градус!

Күн ыстық

 

Алысқа қара,

сағымдар...

Көкжиек қуа шықты ұшып.

Нарлардай шөккен шағылдар,

Ыңыранып жатыр бүк түсіп.

 

Бір жан жоқ алыс, жақында,

Өлдім де ешкім ұқпайды.

Өйткені мұндай "вакуумда"

Ешқашан дымың шықпайды.

Ана көңілі тағы бар алайда, ақын Зейнолла Шүкіров әкем Қазиды Қызылордаға шақыртып, шығармашылық ортаның бәйгесіне салғысы келді. Баласының бағын байлағысы келмеген әжем әкемді келінімен келісімін беріп, қалаға қоя берді. Сол кезде әженің ермегі де, қарасы да баласы болып мен, қызы Шолпан қалдық. 14 жасыма дейін әженің қасында жататынмын. Кейде әжемнің кең көйлегінің етегінен кіріп барып, еркелеп емемін. Мектепте қалада оқысам да күздегі 5 күндік каникулда да әжеме аяғым жеткенше, төзімім  таусылушы еді. Барлық каникулды «қаза» етпей, Қарақұмнан шығамын. «Нұрланжаным жанымда болса болды, басқа балаларымды іздеп алаңдамаймын, алданыш қой»,-деп отыратын. Кейін басқа балалары аяқтанып отбасылы болғаннан кейін де әжемнің алдындағы немерелік мәртебем биік болды.

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ         

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

152

1 comment

  • Сәрсенбі, 17 Тамыз 2016 13:22 Тұрақ Адисұлы

    Ой, жарықтық, сол кездегі аталар мен әжелерді айтсаңшы! Нағыз елдің ертеңін қалыптастырып, ұлттық құндылықтарымызды ұстап отырған солар екен ғой. Әңгіменің жазылу мәнері де ерекше көңілге ыстық, сол дәуірдің лебі ескендей!

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз