+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Қилы тағдырлы Құлманов

  • 17.08.2016

Алаш тарихында аты қалғанымен қазаққа жақсылығы, қайраткерлігі мен қамқорлығы мәлім де беймәлім бір тұлға бар. Оның бірі де бірегейі Бақтыгерей Құлманұлы еді. Тәуелсіздік алып, тарихтағы ақтаңдақтар ақтарыла келіп, обалы мен сауабы екшелген тұста Атыраудың қақ ортасындағы бас көшенің біріне Бақтыгерейдің есімі берілді. Құлмановты күллі қазақ  танымақ түгілі, сол кезде кіндік қаны тамған Атырау атырабының ақсақалдары танымай бір біріне сұраулы жүзбен қараған. Ал шын мәнінде Бақтыгерейді Алаш арысы Әлихан Бөкейханов құрметтеп, Құлманұлысыз жалпықазақ сьезінің өтпейтінін айтып, 2 күн күллі қазақты тостырып қойған. Сондай ықпалды, беделді тұлға неге тарих қойнауына беймәлім жағдайда сүңгіді? Ақиқаты қайсы, аңызы қайсы? Осы сауалдарға жауапты Бақтыгерейдің тағдырына көз жүгірте отырып нақтылайсыз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Өмір жолы»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз