+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Қалжан ахун. Ол кім еді?

  • 17.08.2016

Қалжан Ахун Бөлекбайұлы – дін қайраткері, дін ілімін жете меңгерген ғұлама ұстаз. Қалжан Ахунның арғы тегі Ақтөбе облысы Жаманқарғалы деген жерден  шыққан. Әкесі Бөлекбай жігіт кезінде Қарақалпақстандағы туыстарына келіп, сол жерде үйленіп, қалып қояды. Кейін Қарақалпақстандағы қазақ жұртына басшылық жасайды. Хиуа хандығының бегі болады. 1875 жылы 90 жасында дүниеден қайтқан. Қалжан Ахун Хиуа хандағы діни мектепте, кейін 1879 жылы Көкілташта оқып білім алған. Араб, парсы, тілдерін жетік білген. Осында Сырдарияның Қорқыт Ата аймағынан келген Ораз ахун Бекетайұлымен сырлас дос болады. Қалжан Ахунның білімдарлығын танып-білген. Ораз ахун оған қызы Зәйтекті қосып  Қызылорда  облысы, Жалағаш қыстағына алып келеді. Қалжан Ахун ширек ғасыр бойына өзінің атымен аталатын мешітте  имам болды. Ол патша әкімдерінің қудалауына ұшырап, түрмеге қамалған. Өз мешітіндегі қорымда жерленген. Қалжан Ахунды Балқы Базар, Тұрмағамбет, Шоңбай ақындар жырға қосқан.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Ұлы дала елі»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз