+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Көне Созақ тарихы

  • 17.08.2016

Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы жүргізген зерттеу қорытындылары бойынша кейінгі Созақ ХІV-ХVІ ғасырлар аралығында өмір сүрген деген түйін жасалды. Экспедиция қалаға қатысты жазба деректерді сараптап, мұндағы үш бөліктен тұратын төбенің ортаңғы бөлігі едәуір ерте уақытқа жатады және ол қала шаһристанның орны деп тұжырымдады. Ал 1964-1965 жылдары Қаратаудың теріскей бетіндегі ортағасырлық қалалардың стратиграфиясы мен материалдық мәдениетін зерттеген белгілі археолог Л.Б. Ерзакович кейінгі Созақтың орнында стратиграфиялық барлау шұнқырын салған. Ол қазба нәтижесі бойынша қалашықтың Х – ХІХ ғасырлар аралығын қамтитын бес құрылыс қабатынан тұратындығын анықтады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз