+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ҚАЛЕКЕҢ АЙТҚАН ҚАЛЖЫҢНАН


Қырғыздың атақты жазушысы Шыңғыс Айтматов 60 жасқа толып, Қазақстаннан мерейтойдың құрметті қонағы болуға төрт-ақ адам шақырылыпты. Шерхан Мұртаза, Рахманқұл Бердібаев, Қалтай Мұхамеджанов (тағы біреуі есімде қалмады Н.Қ). Содан қырғыздың бір топ ақын-жазушылары қазақстандық делегацияны күтіп алып, қонақ үйге орналастырып, түнімен гу-гу, ду-ду арақ ішіліп, әңгіме айтылып дегендей біршамаға шапқан. Күтіп алушы жақ ертесіне қонақтарына келіп, шәй ішуге ертіп кетпек болып жүргенде Қалекең « Басымыз сынып бара жатыр, түнімен ішкіздіңдер енді жазатындарың жоқ па не?»,-деп қырғыздарға әзілді-шынды тиісіпті. Ол кезде арақ тапшы қипақтаған қырғыздар қысылып бірі көлігінен шаң-шаң бір бөтелке арақ әкеліп үстелге қойған. Ананы көріп үш қазақ теріс бұрылып кеткен де қырлы стаканмен толтырыла құйылып арақ Қалекеңнің алдына қойылған. Содан Қалекең әлгіні қотара ішіп, стаканды лақтырып жіберіпті.Сөйтсе бензин екен. Қырғыздар сол жерде қысылып қайта- қайта кешірім сұрап әлекке түсіпті. Бәрі бір сәт Қалекеңді іздеп кеткен. Дәретханада жоқ, ванна бос. Балкондарды жағалап қарайды Қалекеңді таппайды. Сөйтсе, Қалтай аға қонақ үйден шығып, жүрегі алып, аулада құсып жүр дейді. Қырғыздар кешірім сұрап өздерінен ат-тон айыптың барын айтып, көлікке мінуді меңзейді. Сонда Қалекең:

-Сендер жүре беріңдер. Менің өз бензинім өзімде қуып жетемін ғой,-деп әзілді шынды бауырлас елдің жазушыларына бұртиып назын айтыпты.

 

 

ҚАЙНАР ОЛЖАЙ       

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

268

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз