+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



СЕРИЯСЫ ӨЗГЕРГЕН 8 АҚША


Ақын Қадір Мырза Әли ағамыздың ақшаға келгенде қол тар екен. Қадекең орынсыз ақша шашпайды, кісі баласына қарызға ақшаны оңайлықпен бере бермейді. Содан бір күні жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов Қадекеңе телефон шалып, қарызға 1000 сом ақша сұрайды. Ол кезде мың сом қомды қаражат. Бермейін десе жасы үлкен, атақ-абыройы бар жазушы. Содан «бар» деп жауап беріпті.

-Бар болса шопыр жігітімді жіберемін соның қолына ұстатарсың»,-деп Әбекең телефон тұтқасын қоя салған. Соның арасында Қадір ағаға қарызға берілетін ақшаны 25 мың сомнан шығарып, әрқайсысының сериялық нөмірін жазып, қағазға тізіп қойған. Шопыр жігіті келіп алып кеткен. Арада ай өтеді. Келісімді уақытта Әбдіжәміл атай қайта Қадекеңе хабарласып, алғысын айтып,  берешегін шопырдан ұстатып жібереді.Содан Қадір аға қағаздағы тізіммен 25 сомдықтарды түгелдесе соның сегізінің ғана сериясы өзгеріп кеткен екен де қалған өз берген ақшасы сол күйі кейін қайтқан. Әбдіжәміл ағаға сөйтсе бар жоғы 200 сом қаржы қажет болғасын, оны сұрауға ұялып бірден 1000 сұратқан екен.

 

 

ҚАЙНАР ОЛЖАЙ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

237

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз