+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«Хабар» Агенттігінде кадрлық өзгерістер

  • 08.09.2016

«Хабар» Агенттігі 2016 жылдың 7 қыркүйегінен бастап Ринат Кертаев «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрайымының орынбасары қызметіне, ал Сандуғаш Рахымжанова «Хабар» арнасының директоры қызметіне тағайындалғандығын хабарлайды.

 

 

Ринат Кертаев, «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрайымының орынбасары:

«Агенттік трансформациядан өтіп жатқан тұста бұл қызметке тағайындалу үлкен жауапкершілік екені сөзсіз. Алдымызда күрделі міндеттер тұр, бірақ біздің нақты жоспарларымыз бар және батыл қимылдарға көшпекпіз», – дейді Ринат Кертаев. 

 

Ринат Думанұлы Кертаев 1983 жылы 23 сәуір күні Жамбыл облысында дүниеге келген. 2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Қоғаммен байланыс» мамандығын бітірген. «Хабар» Агенттігіндегі еңбек жолы 2006 жылы қазақ тіліндегі ойын-сауық бағдарламалар редакциясының продюсері ретінде басталады. 2010 жылдан 2011 жылға дейін жаңалықтар бөлімінде сарапшы-редактор болды. ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі, мемлекеттік «Дарын» сыйлығы, «Баспа және ақпаратты дамытудағы еңбегі үшін» ТМД Парламентаралық Ассамблеясының төсбелгісімен марапатталған, сондай-ақ, ҚР Президенті Грантының иегері. Бұған дейін «Хабар» арнасының директоры қызметін атқарды.

 


Сандуғаш Рахымжанова, «Хабар» арнасының директоры:

«Бірнеше жыл жұмыс істеп келе жатқан арнаны басқару бір жағынан қуаныш болса, екінші жағынан толқу тудырады. «Хабар» арнасының бүкіл ұжымы күзгі телемаусымға бар күшімен  дайындалды. Алдымызда қызықты және сан алуан жобалар күтіп тұр, олардың арасынан әр көрермен өзіне қажеттісін табады»  – дейді Сандуғаш Рахымжанова. 

 

Сандуғаш Рахымжанова 1983 жылы 5 қыркүйек күні Қарағанды қаласында дүниеге келген. 2004 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Журналистика» мамандығын тәмамдаған. 2006 жылы М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде магистр дәрежесін алған. «Хабар» арнасындағы еңбек өтілін 2012 жылы маркетолог-талдаушы ретінде бастаған. 2013 жылы «Хабар» арнасының бағдарламалар дерекциясының басшысы болып тағайындалады. 2016 жылдың шілдесінен бастап «Хабар» арнасы директорының орынбасары лауазымында болды.  Айта кетейік, бұған дейін «Хабар» арнасының директоры қызметін Ринат Думанұлы Кертаев атқарған болатын. Ринат Думанұлы «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрайымының орынбасары қызметіне тағайындалуына байланысты директор қызметінен кетті.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: БАҚ біз туралы

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз