+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Өмірін өнерге арнаған жан

  • 04.10.2016

Қадірбек Демесінов, 

ҚР еңбек сіңірген әртісі 

– «Бұл дүние көзді ашып-жұмғандай-ақ» деп үлкендер айтқанда күле қарай­тын­быз кезінде. Қазір өз басымызға кел­ді. Алдымыздағы ағаларымызды, ше­шелерімізді мәңгілік жүре беретіндей көру­ші едік. Алланың қалауымен бәрі бұл өмір­ден көшіп кетті. Олардың орнын басып біз қалдық. Кейінгі ұрпаққа үлкен­дерден алған тәлім-тәрбиеміз бен көрген-білгенімізді, оқыған-тоқығаны­мызды қолымыздан келгенше үйретіп кетуге тырысып жатырмыз. Біреу жақсы көрер, біреу жек көрер. Бірақ эстафетаны дұрыс табыстап кету бізге парыз. Менің де өнерде жүргеніме қырық жылдан асып барады. Негізгі жұмыс орным – қазақтың Ғ.Мүсірепов атын­дағы Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры. «Туғалы бері осы театрдамын» деймін қалжыңдап. Оқуды бітіргеннен бері осы жердемін.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Сахна сырлары»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз