+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



КЕШІРІМСІЗ КЕТКЕН КҮНӘ


«-Құдай-ай,  атамның кінәсін Жаяу Мұса кешпеді ғой. Азары өтіп кеткен екен, тізесі батыпты –ау атамның»,- деп Шорманның немересі Сәдуақастың жанарын жас жуып, аулына жеткенше  жылап келген. Сөйтсе, Сәдуақас атасының айыбы үшін бірнеше үйір жылқыны Жаяу Мұсаның ауылына айдап барған. Тоқсан үш жасында үйінде  жантайып жатқан Жаяу Мұсаға Сәдуақас сәлемедесе келіп «Атамның сізге істеген қиянатын кеш деп келіп отырмын»- деген. Жаяу Мұса ешбір тіл қатпаған. «Әкежан кешіре көріңіз»,-деп жалынса да үндемепті. Содан Сәдуақас үйден шығып кеткен. Сәлден кейін қора жақтан жылқы дүбірі естілгесін Мұса келінін жұмсап «Байқашы, қорада не болып жатыр?»,-деп жұмсаған. «Әлгілер, бірнеше үйір жылқыны қораға кіргізіп кетіпті»,-деп хабар айтқан келініне «қора есігін ашып жібер»,-деп Мұса қария төсегіне теріс айналып түскен. Содан ауылын бетке алған Сәдуақастың соңына көп ұзамай айдап әкелген жылқысы ілесіпті дейді. Шорман атасының айыбы үшін шыр-пыр болған немересі шарасыздығынан жылапты деген ел арасында әңгіме әлі бар.

P.S Патшалық Ресей Баянауылда бекініс салатын болып, атақты Шорман байдың  жайылымдық жерінен телім алған.Шорманның қос ұлы Мұса мен Мұстафа сұлтан,шонжар болғасын қарсы сөз айтуға шамасы келмеген. Содан жері тарылғасын Шорманның қос ұлы кедей-кепшіктердің жеріне қол салған. Шорманның азары өткесін орысша сауатты Жаяу Мұсаға ағайындары патша атына арыз жаздыртады ғой. Патшалық Ресейден «жерлерін қайтып бер»,-деген жазбаша пәрмен келеді. Содан Шорман бар, қос ұлы Мұса мен Мұстафа  Жаяу Мұсаны «дәукес, арандатушы, ұры-қары»,-деп ұзақ жылдарға түрмеге жаптырған.

БОЛАТ ОМАРАЛИЕВ

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

98

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз