+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



БОЛАР ЕЛДІҢ БАЛАСЫ


15  жасар тараздық жасөспірім  Исаак Мустопулоның ғылым тануға, ғылымда тың жаңалық іздеуге деген талпынысы жұртшылықты таңқалдырды. Өзі туа бітті арбаға таңылса да өмірге деген талпынысы оның жігерін жанай түсті. Мектеп оқушысы астрофизикамен шұғылданып, өз тұжырымын құжат жүзінде дәлелдеді. «Гармония теориясы» деген атпен жазылған ғылыми жұмысы мектеп оқушылары арасында өткен Ұлттық инновациялық байқауда арнайы жүлдеге ие болды. Исаактың ендігі арманы  Ұлыбританияның әлемге танымал ғалымы Стивен Хокингпен кездесу. Екеуінің де ғылыми жұмысы бір бағытта, екеуі де арбаға таңылған. Исаак Қытайға емделуге бара жүріп қытай тілін еркін меңгеріп алған. Ал, ағылшын тіліне әлі де болса дайындалып, ғылыми дәрежеде ойын жеткізе алатын шамада сөйлесуге талпынып жүр. Стивенге Исаактің теориясын аударып беріп таныстырғанда әйгілі физик мектеп оқушысымен кездесуге келісімін берген. Қазірде Исаак «Бөбек» ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы» жанындағы  обсерватория директоры Нұрзада Бейсеннен жеке дәріс алып, астрофизика ғылымындағы таным көкжиегін кеңейтіп, білімін көтеріп жүр. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

66

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз