+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Әйгілі жазушы Ғабит Мүсіреповті Сталинге хат жазуға не итермеледі?

  • 14.08.2014

Сірә да, Кеңес Үкіметінің тұсында қазақ әдебиетінде дәл Ғабит Мүсіреповтей сый-құрметке бөленген адам болмаған болар деп ойлайсың. Алайда, оның өмірінде де талай аттан құлаған кездер болған. Оны Ғ.Мүсірепов хаттары айғақтайды. Жазушы 30 жылдары танымал бола бастады. Ал соғыс жылдарында оқырман оны М.Әуезов пен С.Мұқановпен бір қатарға қойды. Оны майдан шебінен келген хаттардан анық байқауға болады. Замандастарының айтуына қарағанда, ол әрбір хатқа жауап беруге тырысатын. Тіпті, кейін Кеңес Одағының депутаты болғанда да, сайлаушылардан келген хаттарға жауап беріп қана қоймай, сол хаттарының ішінде жазылған өтініш, тілектердің орындалуына көп көңіл бөлген. Ендеше, қазақтың әйгілі жазушысының жеке мұрағатындағы хаттарымен танысайық.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Тағдырлы хаттар»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз