+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«ҚЫЗЫ ЕДІҢ ЫБЫРАЙДЫҢ БАЛҚАДИША...»

  • 15.08.2014

 

Ақан бірде ел аралап келе жатып, Арқа өңіріне аты жайылған Ыбырайдың ауылына келіп түседі. Ауылда шілдехана тойы болып жатса керек. Бай ауылы серіні құшақ жая қарсы алғанымен, оның маңына ешкім жолай қоймайды. Себебі, бұл Ақанның ер қанаты Құлагерінен айырылып, жары Ұрқия бақилық болып, қасірет тұманына батқан, елден көңілі суып, тау сағалап кеткен мезеті еді. Ел арасында «Ақан жынданыпты», «Сері жынмен әуейі болып, перінің қызымен үйленіпті-міс» дейтін суық сөз де сумаң қағып, елден елге жайылып, серінің сергелдең тағдырына «күле» қарайтын қауымның күдігі күшейген екен. Сол шілдеханада Ыбырайдың ерке қызы Қадиша елден именбестен, «Сері ағамның жанына мен отырайын» деп, оң жағына жайғасады. Бұла қыздың бұл қылығын әбестікке жорыған ағалары екі жеңгесін жіберіп, қызды шақырғанымен, Қадиша серінің қасынан кетпейді. Ағарып таң атқанда қоштасар сөздің орнына Ақан өзінің «Балқадиша» әнін шырқайды. Сері мен кербез сұлудың арасында қимастық сезімі буырқанып, бұл ән ел ішіне лезде тарайды. Кейбір деректер бойынша, әннің алғашқы мәтіні 90 шумаққа дейін жеткен көрінеді. Ақан құз-жартастарды паналай жүріп, ұзақ зарлы толғауын күн-түн демей шырқаған деседі. Ал, өмірде Қадиша өзінің тұстасы, көңіл жарастырған жігіті Сүлеймен деген кісіге тұрмысқа шығып, 1953 жылы қайтыс болған.  Сүлеймен мен Балқадиша үш қыз, екі ұл сүйген.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Ғажайып туынды»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз