+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Қазақтың бұлбұл әншісі - Бибігүл Төлегенова

  • 29.04.2014

Бибігүл Төлегенованы қазақ халқының мақтанышы, ұлттық өнеріміздің жарық жұлдызы, бұлбұл үнді әнші ретінде танымайтын қазақ жоқ.

Бибігүл Ахметқызы бізді әсем әнімен де, сұлу сәнімен де қашанда қуантумен келеді, табиғи талантын таза  күйде ұстап, кісілігіне кіршік жұқтырып көрмеген мұндай тұлғалар өнер әлемінде сирек.

Ол сахнаға 1-ші сыныпта оқып жүріп-ақ шықты. Міне, содан бері көптеген байқауларға қатысып, жүлдегер атанып, бүгінде КСРО халық әртісі, қазақ әншісіне айналды. Бибігүл апай студенттер мен жастарға әнші болудың қыр-сырымен «Жүздесу» бағдарламасында бөліспек. Кең диапазонды әнші болу үшін тек табиғи талант қана емес, білім алып, оқу керектігіне кеңес береді. Өнер иесінің жас кезінде көрген қиындығы, балалық шағынан бастап бүгінге дейінгі өмір баспалдағын өз аузынан естисіздер.

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Жүздесу»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз