+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Жаяу жүру – тек дене ғана емес, өмірлік те қозғалыс

  • 28.08.2014

Махабат Түсіпбек апта сайын тау аралып, бір таудан бір тауға асады. Тіпті, сонау Меккеге дейін жаяу барып келген қария. «Жүру – ол әмір. Таңертең тұрып, жаттығуымды жасап болғаннан кейін жүргім келіп тұрады. Егер де жүрмесем, денем қатып, көңілім түседі», - дейді кейіпкер. Сонымен қатар ол машина жасау сөздігін құрастырған. Сексеннің сергелдеңінен асқан Махабат ақсақал, осы еңбегі үшін мемлекеттік сыйлықты иеленді. Ендігі арманы – «EXPO – 2017»-ге қазақша, орысша, ағылшынша, қытайша сөздік жасап шығару. Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ профессоры, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Махабат Түсіпбектің қызметтік өрлеуі мен отбасылық бақыты бағдарлама еншісінде.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Тағдырластар»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз