+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ЖАНСЕБІЛ

  • 28.08.2014

Қасым Жәкібаев өз сұхбатында: «Бірде түсіру алаңында ары-бері өткен поездың артынан жүгіре-жүгіре шаршап, дем алдық. Күннің қайнаған кезі, ыстығы, ары бері жүгіргеннен Галя да, мен де шаршап, діңкілдеп отырмыз. Терлеп кеттім де, басымдағы тақиямды алшы деп Галяға айтып ем, ол тақиямды алып алдыма қоя салды. Бір кезде жанымыздан өтіп бара жатқан жеті-сегіз жасар қызы бар келіншек тақияма тиын тастады. Сөйтсем, бас киімім шалқалап қалған екен. Содан жетегіндегі қызы анасының құлағына бірдеңе деп сыбырлап, кері бұрылды да, қайтадан үш сом тастап жөніне кете берді. Сонда ойлағаным, менің мына кейпім таза қайыршыға ұқсағаны, шын мәнінде образдың шынайы шығып жатқаны ғой деген ой келді. Содан сенімдірек болғаны киноның сәтті түсірілімімен аяқталды ғой» деп еске алады.

 

Қасым Жәкібаев «Жансебілге» түскенде Аяған айтыпты: «Аға, жылай алмайтын адам едің ғой, көзіңе глицерин тамызсақ қайтеді? дегенде, актер: «Жоқ, тамызба мен өзім жылаймын, өйткені баламды ұрып-соғып жатыр ғой, осы дүниені аңсап кетті-ау, бір ауыз сөйлесе алмадым-ау деген ой келді де көзімнен жас парлап кетті»-дейді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Тағдырластар»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз