+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Тәуелсіздіктің тірегі – Ата заң

  • 30.08.2014

Әр елдің жазылған, жазылмаған өз конституциялары бар. Қазақ елінде аталмыш идеялар Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, әз Тәуке ханның Жеті Жарғысында нақты көрініс тапқан. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған алғашқы Ата Заңымыз егемендігіміздің талаптарына толықтай жауап баре алмады. Нәтижесінде қазіргі таңда еліміздің дамуына көмек болған, тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған қазіргі қолданыстағы Ата заң бүкілхалықтық референдум арқылы 1995 жылғы 30 тамызда қабылданды. Ал Елбасы өзінің «Қазақстандық жол» атты кітабында: «1995 жылғы Конституция тақыр жерде пайда болған жоқ. Ол егемен Қазақстанда конституциялық құрылыс орнату үшін бұрыннан жинақталған тәжірибелерді, сондай-ақ біздің жағдайымызға сәйкес келетін ең прогресшіл шетелдік тәжірибелерді барынша толық пайдаланған еді. Сондықтан да, кімде-кім еліміздің Негізгі заңының рухы мен маңызын терең түсінгісі келсе, оны жасаудың, қалыптастырудың тарихын жақсы білуі керек», - деген сөзін ескерсек, бұл бейнетуынды көрерменді осы тарихпен таныстырады деп сенеміз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Арнайы жоба»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз