+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«Ағажай-Алтай....»

  • 06.05.2014

– «Ағажай-Алтай» әнін Алтайдың Қанас көлінің жанында, нағыз Алтайдың ортасына барып шырқағанмын. Қытайдағы қандас бауырларымыз клип түсірген. Өзіме өте ұнады. Ол жерде қаймағы бұзылмаған қазақты, «Ағажай-Алтай» әні басталғаннан омырауына жас құйылып, қосылып жылап отыратын ел-жұртты көрдім. «Қазақстан» телеарнасының режиссері Света Есмұратова деген апайымыздың бастауымен барғанбыз. Бұл әнді «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінде жұмыс істеп жүрген кезімде Қытайдан келген Абылай Түгелбаев деген ағамыздан үйренген едім. Мәтіні «Аты да алтын Алтайдың, заты да алтын» деп басталатын. Бұқара Тышқанбаев атамыз осылай орындаған екен. Кейіннен сол кісінің жұбайы  іздеп келіп, «Атаңның айтқаны бойынша жеткізіп жүр екенсің, айналайын» деп ризашылығын білдірген. Бір жолы «Тамаша» ойын-сауық отауымен барып, Үрімші қаласында орындағанымда ән біткеннен кейін 7-8 жас жігіт сахнаға шықты. Арасында Жеңіс деген ақын бар. «Біз алтайлықпыз, сіз «Ағажай-Алтай» әнінің Бұқара Тышқанбаев таратқан нұсқасын айтып жүр екенсіз. Сізге кеткеніңізше түп нұсқасын үйретейік. Бұл өлеңдерді бір кездері әншілер ауыздарына алуға қорқатын, қазір орындалып жүр» деп, ертесіне негізгі нұсқасын әкеліп берген»

 

Майра ІЛИЯСОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Сағыныш сазы»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз