+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Күй мен биді біріктірген «Ортеке»

  • 26.09.2014

935-ші жылы белгілі зерттеуші, ғалым А.Жұбанов «Казахстанская правда» газетіне мақала жариялап, онда төмендегідей деректерді келтірген: «…Ойын кезінде қуыршақ секіріп, бірде орғып, әртүрлі бұрылыстар жасайды. Кейбір кезде домбырашылар оған жылқының, еркек пен әйелдің бейнелерін қосатын болған. Олар әуеннің ырғағымен билейді. Шебер орындаушы домбырада күй тартып, жоғарыда атап өткен бейнелерді түрлі қимылдарға келтіріп,бірде секіртіп, бірде жүгірткен. яғни біресе секірген, қимылдарын жасай білген». Қазіргі кезде «ортеке» өнері ғылыми тұрғыдан алып қарағанда аз зерттелген құбылыс екені белгілі. Оны зерттеу – түркі халықтарының қуыршақ өнерінің қайнар көзін айқындаудың жолы және (басқа да өнер түрлерімен қосыла танылғанда) жалпы мәдени мұрасын тануының кілті болып табылады. Ортеке дәстүрін қазақтың қуыршақ театры өнерінің негізі санасақ та болады. Сонымен бірге «Ортеке» – өзінде күй мен биді біріктірген ескі өнердің бірі.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз