+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ТЕЛҚОҢЫР

  • 01.10.2014

 

Жүсіпбек Елебеков «телқоңырына телінген қос шәкірті Қайрат Байбосынов пен Жәнібек Кәрменов  өнер  сахнасында  ұстаз  сенімін ақтады. Жәнібек алғашында Жүсекеңнің ән орындаушылық ерекшелігіне  көбірек еліктейтін. Ақансерінің «Құлагер», Балуан Шолақтың «Ғалия», Ғазиздың әні «Ғазизді», Шашубайды  «Аққайыңын»  орындағанда ұқсастық анық байқалатын. Келе-келе Манарбек Ержановтың да домбыра қағысын, даусын көтерген кездегі  әдеміліктерін алып, айтар әнінің қайткен күнде әсерлі шығуына  көп күш жұмсап,  үлкен ізденіс үстінде шыңдалды. Сөйтіп жылдар өте Жәнібектің әншілік болмысы қалыптасты. Студия қабырғасында жүргенде-ақ сол кездегі республика басшысы,  өнерге ғашық Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев  Жәнібекті ұстазымен бірге шақырып алып, ұзақ түнге әнін тыңдаған. Әншілік қабілетіне дән риза болып, Димекең  ақ батасын берген-ді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Сағыныш сазы»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз