+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Пластикалық композициялар мен мүсіндердің шебері – Әділет Жұмабай

  • 21.10.2014

Суретші әрі мүсінші, Қазақстан Республикасы суретшілер одағының мүшесі Әділет Асқарұлы Жұмабай 1959 жылы шілденің 19 жұлдызында Тараз (бұрынғы Жамбыл) қаласында дүниеге келген. 1979 жылы Ресей Федерациясының Абрамцев көркемсурет училищесін, ал 1988 жылы Алматы театр-көркемсурет институтын бітірген. Шығармашылық туындылары республикалық, халықаралық көрмелерге қойылған. 1996 жылы Алматы қаласындағы Республика алаңында орнатылған «Тәуелсіздік монументі» құрамындағы «Барыс» үстіндегі «Алтын адам» ескерткішін, «Сақтар» мен «Қазақтар» баральефтерін жасаған.

Әділет Асқарұлы – «Айша бибі», «Күлтегін», «Абай», «Көшпенділер», «Қазақ анасы» тағыда басқа көптеген пластикалық композициялар мен мүсіндердің авторы.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Қылқалам»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз