+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Отандық өнер тарландары Карнеги-Холды бағындырды

  • Бейсенбі, Қазан 30 2014

27 қазанда «Астана Опера» театры Әлемдік турнені Нью-Йорктен бастап (АҚШ), американдық көрерменге «Азия Дауысы» атты концертін ұсынды.

Музыкалық сыншылар мен қонақтардың бағалауынша, «Астана Опера»театрының труппасыөздерін өте жоғары деңгейде көрсетіп, әлемнің ең беделді алаңдарының бірі – Карнеги-Холда баршаны таң қалдырды.

Бағдарламада А. Жұбанов, Л. Хамиди, Е. Рахмадиев, Т. Мұхамеджанов сынды заманымыздың композиторлары жазған қазақтың халық әндері мен музыкасы, сондай-ақ Дж. Верди, Д. Россини, Ж. Оффенбах, А. Бородин, Л. Бернстайннің керемет жауһарларынан үзінділер бар. Кешті Халықаралық конкурстардың лауреаты, көрнекті скрипкашы Ержан Күлібаев П. И. Чайковскийдің скрипкаға арналған әйгілі концертімен ашты.

Театрдың көркемдік жетекшілері бағдарламаның өте дұрыс таңдалғанын айтады. «Аталған сахнада қазақтың шығармалары алғаш рет толыққанды қазақстандық театр тарапынан ұсынылды. Музыканттарымыз ұлттық өнердің үздік үлгілерін орындады. Тыңдарман М. Төлебаев, Е. Рахмадиев және басқа аса көрнекті композиторлардың асқақ туындыларымен таныса алды.

Карнеги-Холл «Астана Операны» аншлагпен қарсы алды, концертке консерватория қызметкерлері, дипломаттар, қоғам қайраткерлері, музыка сыншылары, Метрополитен-опера агенттері, сондай-ақ өнерді сүйер қауымқызығушылық танытты.

Концерттен кейін кейбір көрермен өздерін қызықтырған туындылардың шығу тарихы жайлы толығырақ сұрап жатты, солардың бірі – «Қыпшақ биі». Тыңдарманға қыпшақтың қазаққа жақындығы түсіндірілді.Бәрінен де көрермен Айгүл Ниязова мен Дина Хамзинаның өнерін аса ерекше қарсы алды. Мұндайды күтпеген операның жетекші солисттері шырқап болған соң, бір сағат өткенде грим жасау бөлмесінен шыққанда өздерін күтіп тұрған көрерменге тап болды.

Музыка сыншыларының бағасына сүйенсек, «Астана Опера» аспапты, вокалдық және хор музыкаларын лайықты деңгейде орындады.Оларды тағы Л. Бернстайнның Кунигунда ариясында жарқырап шыққан операның жетекші солисті Әлфия Кәрімова қайран қалдырды.
Бүгінгі кеште театрдың оркестрі мен хоры да табысқа қол жеткізгені сөзсіз.

Спиричуэлс-тің көрерменге қатты ұнағаны айдан анық, фольклорлық музыканың компиляциясын да, тамаша вокалисттер – Сүндет Байғожин, Жұпар Ғабдуллина мен Медет Шотабаевты да халық жақсы қарсы алды. Бір жағынан алғанда, бұл труппаларыңыз үшін салмақты шығармашылық сынақ болды және сіздер одан сүрінбей өттіңіздер», - дейді ойларымен бөліскен музыка сыншылары.

Концертке әлемнің үздік бас дауысы, «Астана Опера» театрының шақыртылған әншісі Елдар Әбдіразақов келді. «Бұл тек Қазақстан емес, сондай-ақ Нью-Йорк үшін, жалпы бүкіл әлем үшін керемет, орасан зор оқиға, себебі бұл Америкадағы үздік, бүкіл әлемдегі ірі және айтулы залдардың бірі. Труппа ерекше әсерге бөлейтін керемет концерт берді, құттықтаймын. Оркестр мен хор тамаша өнер көрсетті. Одабелла партиясын шырқаған сахнадағы серістесім – Жұпар Ғабдуллина асқан биік өнерін паш етті.

Концерт өткен күні баспасөз мәслихаты болып, оған Нью-Йорктің жетекші масс-медиасы қатысты.

Бруклин ауданының президентіЭрик Адамс беделді спикерлер қатарын толықтырды. Баспасөз мәслихатының соңында ол дәстүр бойынша театр директорына мақтау қағазын табыс етті.

Сонымен бірге «Астана Опера» театрының хорыБруклин қаласы мэриясының тарихи ғимараты алдында, Brooklyn Borough Hall-да тосын өнер көрсетті. Бұл өз кезегінде өтіп бара жатқан американдықтарды қызықтырмай қойған жоқ, қазақстандық әртістердің өнеріне тәнті болғандар шапалақ жаудырды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
1148





Пікір қалдырыңыз