+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ҚАЗАҚ ЭСТРАДАСЫНЫҢ АҢЫЗЫ

  • 02.11.2014

Tыңдарман қауымға әсерлі сезім тарту етер әсем ән- уақыт сыйы. Абай атамыз “Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең” дегеніндей, қайсыбір жабырқаған жанға ән құдіреті дауа болып жататыны бар. Міне, осы орайда, қазақ ұлтының рухын асқақтатар әндерді адамзат жүрегіне жеткізе білген топтың бірі – “Дос-Мұқасан” ансамблі екендігіне ешкімнің күмәні болмас. 1960 жылдары әлемді елең еткізген “Битлз”, Ресейде “Поющие гитары”, “Веселые ребята”, “Голубые гитары”, Грузияда “Орэра”, Белоруссияда “Песняры”, Украинада “Кобза” сияқты алғашқы вокальды-аспапты топ қатарында қазақ халқының атын әлемге паш еткен “Дос-Мұқасан” ансамблі де өнер көгінде найзағайдай жарқ ете қалған еді. Уақыт сынына төтеп беріп келе жатқан бұл ұжым күні бүгінге дейін күллі қазақ ұлты үшін үлкен мақтанышқа айналды. Әрбір қазақтың той-томалақ, мереке-жиыны осы ансамбльдің репертуарындағы әндерсіз өтпейді десек, артық айтқандық емес.

 

Жазира БАЙСЫМБЕК

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Сағыныш сазы»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз