+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Қорғандар қашан қорғалады?

  • 25.09.2014

Ел президенті Н. Ә. Назарбаевтың ұйытқы болуымен  өмірге келген «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында кең байтақ отанымызда көптеген келелі жұмыстар жүзеге асырылды. Алайда еліміздің кейбір өңіріндегі мәдениет саласына жауапты мекемелердің бұл іске жете мән бере қарамай келуі қынжылтады.  Тамыры тереңге  кеткен тарихымыздан бүгінгі ұрпаққа сыр шертетін қорғандардың қорғаусыз қалуы  және ескерткіштердің елеусіз, ескерусіз күй кешуі – соның дәлелі болса керек. Мұны осы саланы зерттеп жүрген белгілі суретші Амандос Ақанаев жоба барысында дәлелдеп, айтады. Оның бастамасымен іс-сапарға барған топ мүшелері Алматы облысының 4 ауданындағы қорғандардың жай-күйінің көңіл көншітпейтіндігіне куә болған.  Тарихи мұралар орналасқан аймақ жеке қолдарға өтіп кеткендіктен, олар ойларына келгендерін істеген. Кей жерде қорғандарды күреп, бұзған, енді біреулерінің үстіне әжетхана орнатқан, келесілерінің үстінен жол өткізген.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Арнайы жоба»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз