+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Ж. Доғалова, әнші: «Алдағы уақытта өзімді режиссер ретінде танытқым келеді»

  • 23.11.2014

21 қараша күні  Қазақстан әншісі Жанар Доғалова Қазанда (Татарстан) өткен Turkvizyon-2014 байқауының жеңімпазы атанды. Ол "Ізін көрем" әнімен өнер көрсетіп, 225 ұпай жинаған болатын.

«Сахна құдіретін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сондықтан да, мен әркез өнер көрсеткенде қобалжимын. Бұл сайыста да толқыныс үстінде болдым. Бірақ, мені қанаттандырған асыл анамның «тек өзіңнің емес, еліңнің абыройын ойла» деген бір ауыз сөзі, қазақ елінің маған артқан үміті, жанымдағы қолдаушыларым, әрбір теледидар алдында отырған тілектестерім мен жанкүйерлерімнің сенімі маған жеңіс сыйлады. Болашақта өз тыңдармандарыма рухани азық болатын, жан тебірентер туындылар сыйлау. Сонымен қатар, өзімді режиссер ретінде таныту», - дейді Ж. Доғалова.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Exclusive»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз