+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Қазақ этнографиясының шебер суретшісі

  • 13.11.2014

ҚР Суретшілер одағының мүшесі, шебер суретші Оразбек Есенбаев 1960 жылы 27 ақпанда Қызылорда облысы Жалағаш ауданының Мәдениет ауылында дүниеге келген.

Оразбек Есенбаевтың шығармашылық жұмыстары өзгеше технологиясымен ерекшеленеді. Қазақ бейнелеу өнеріне шығыстың жібек маталарға салатын әдісін енгізіп, сол бағытта талмай еңбектеніп келеді. Жібек матаға қаламмен сурет салатын оның графикалық жұмыстары әріптестерінен айтарлықтай бөлек. Сыншылар да суретшінің шығармашы-лығы турасында «оның  туындылары жоғары кәсіби шеберлік, нәзік нақышты дәлдікпен ерекшеленеді. Туындылары мазмұндылығымен, айшықтылығымен тартымды, тұтастық бар» деп баға береді. Оған 2013 жылы Алматыдағы Мемлекеттік орталық мұражайда «Қобызнама»,  Республикалық мемлекеттік Ұйғыр театрында DUNIYA Art қазіргі заман өнері галереясында «Косяк» атты жеке көрмелері дәлел бола алады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Қылқалам»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз