+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



"Руханият кеңістігі". Атырау

  • 03.12.2014

Төкпе күйдің отаны саналатын қасиетті Атырау өлкесінің топырағында батырлар мен шайырлар, ақындар мен жыршылар дүние есігін ашқан. Ұлан-байтақ қазақ жерінің Батыс бөлігінде орналасқан өңір Еуропа мен Азия құрлықтарының шекарасында бой көтерген. Ел экономикасының күретамырына қан жүгірткен мұнайлы өлкенің мәдени тынысы жылдан-жылға еселеп артып келеді. Бағзы заманда Ұлы Жібек жолының бойындағы керуен сарайы болған өлке, бүгінгі егемен еліміздің рухани әлемінде тың басмалары мен ұлан-ғайыр табыстарымен  де көзге түседі. Жобада Атырау өңірінің мәдени тынысы мен білім саласындағы жетістіктері көрсетілмек. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Арнайы жоба»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз