+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Ағашты сөйлеткен шебер

  • 23.12.2014

Еліміз­ге ғана емес, шетелді таңдандырып, ағаштан ою оған, он саусағынан өнер тамған хас шебер – Берік Жүнісбеков. Мүсін көрмелерін өткізген талантты суретші, талғамды фотограф, компьютерлік графика режиссері, көркем фильмдердің суретші-қоюшысы, дизайнер, актер сынды бар мамандықты бір бойына жинаған шебер бүгінде шәкірт тәрбиелеуді қолға алған. Отыз жылдан астам уақыт анимация саласында мультипликатор болған.

Берік ағашты ғана сөйлетіп қоймай, салған суреттеріне де жан бітіретін аниматор. Оның ағаштан жасалған шағын скульптуралық жұмыстары Нью-Йорк, Англия, Франция, Норвегия коллекционерлерінің қолында жүр. Кейбіреулері сол елдердің көрме залдарынан ойып орын алған.

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Астана ONLINE»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз