+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Ауған соғысының ақиқаты

  • 26.12.2014

Биыл Ауғанстан жеріне Кеңес әскерінің кіргеніне 35 жыл толды. 1979 жылы 25-ші желтоқсанда Кеңес әскерінің алғашқы жауынгерлері Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі саяси істеріне қол сұқты. 10 жылға созылған майданға елімізден 22 мыңнан аса қазақстандық аттанған болатын. Алайда, олардың 920-сы майдан даласында қаза тауып, 22-сі хабарсыз кетті. Мыңдаған жігіт елге мүгедек болып оралды. Осылай 17-18 жастағы өрімдей боздақтар Ауған соғысында жазықсыз құрбан болып кете барды. Осыған орай Елордада Отан атынан Ауған елінде жанын құрбан еткен жауынгерлердің рухына тағзым етіліп, құран бағышталды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Астана ONLINE»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз